“Жүректен жүрекке…”

«Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек Қайырбекұлы Байшагировтың ұйымдастыруымен «Мейірім» волонтерлік қозғалысының студенттері қақаған аяз, ызғарлы қыс, суық қар күндері, яғни, қаңтардың 16 жұлдызында Теміртау қаласы, Сұрыптау бекеті, Майқұдық кентінде тұратын  әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мүмкінді шектеулі 3 отбасыға азық-түлік себеттері мен қысқы қалың киім-кешектер таратты.

«Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» демекші, тұрмыстық ахуалмен қатар жан жылуына зәру балаларды қуантып жатқан жандарға алғысым шексіз. Осындай көмектің арқасында тұрмысы төмен отбасылардың жыртығы бүтінделіп, көңілдері көтеріліп қалады» – дейді ЖІК төрағасы Мейрбек Байшагиров.

         Тағдыр тауқыметін тартып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін кез келген азаматына көмек беруге дайын «Мейірім» волонтерлері жан жадыратар қайырымдылық шараларын әр апта сайын екі рет өткізуді көздеп отыр.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.