Профориентационная работа со школами Улытауского района

22 апреля 2021 года в режиме он-лайн на платформе Zoom прошла профориентационная работа со школами Улытауского района.

Ұлытау ауданы мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында ЖМ “Bolashaq”академиясы”  кафедраларының  оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлытау ауданы мектептерінің  түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге аудан бойынша барлық мектеп түлектері және ұстаздары, аудандық білім беру бөлімі маманы қатысты. Шараны  Қабылдау комиссиясының  жауапты хатшысы  Б.А. Абылбаева ұйымдастырып, жүргізді. Онлайн кездесуге Академияның ББ бойынша кафедра оқытушылары Диянова Р.Т., Мекадилова С.К., Макажанова Г.Б., Апеева А.З., Бакарамова С.А., Ахметова Н.Т. және т.б. қатысты.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды:

§ “Bolashaq” академиясындағы білім беру бағдарламаларымен танысу;

§ оқуға түсу ережелері;

§ академиялық ұтқырлық;

§ болашақта ББ-ның маңыздылығы.

Түлектер тарапынан жатақханаға, оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және ЖОО-ға байланысты басқа да сұрақтар қойылып, қызығушылық танытылды.

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.