“Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің “Қылмыстық процестегі адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері” тақырыбындағы отырысы

26 қарашада “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің “Қылмыстық процестегі адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері” тақырыбындағы отырысы өтті.

Үйірме отырысын Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, заң пәндері кафедрасының доценті Г.С. Оспанова өткізді.

Отырыста “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелері қаралды.

Үйірме отырысына қатысушылар Қазақстан Республикасында адвокаттық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, қылмыстық процестегі адвокат қызметінің тактикалық негіздерін, сондай-ақ адвокаттық қызметтің кепілдіктері мен адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормаларын талқылады.

Г.С. Оспанова қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысудың жеке тәжірибесімен бөлісті, отырысқа қатысушылардың адвокаттық қызметтің этикалық негіздері мен қағидаттары туралы сұрақтарына жауап берді.

Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті, қатысушылардың арасында адвокаттардың моральдық-психологиялық дайындығы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырды.

Отырыс соңында студенттердің адвокаттық қызметтің құқықтық, этикалық, тактикалық және ұйымдастырушылық негіздерін одан әрі зерделеу қажеттігі туралы қорытынды жасалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.