Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қаламыздағы білікті заңгерлер, сот және құқыққорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

2021 жылғы 3 желтоқсанда “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының ұжымы мен з.ғ.к., қауымдаст.профессор А.Ж.Әбдіжәмидің ұйымдастыруымен академиямыздың құқықтану білім беру бағдарламасының студенттері мен қаламыздағы білікті заңгерлер, сот, құқыққорғау органдары қызметкерлері арасында ашық пікір алмасу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – Еліміздегі Рухани Жаңғыру бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығын және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында заңгер мамандардың мәртебесін көтеру мен олардың болашақ мамандықтарына деген талабын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы – Б.А. Шайзадаев , Қарағанды облыстық прокурорының көмекшісі – М.И.Жаканов, Қ Р Заңгерлер Одағының  кеңес мүшесі, Заңгер,қорғаушыР.Ж.Жағыпар, Жаңа Майқұдық Полиция бөлімінің тергеушісі А.А. Ташкенбаева шақырылды.

Қонақтар қазіргі сот, құқыққорғау жүйесі саласында болып жатқан өзгерістер, білікті заңгерлердің еліміздің құқықтық жүйесін дамытудағы ролі мен практикада кездесіп жүрген мәселелерге кеңінен тоқталды.

Б.А. Шайзадаев Сот жүйесі, азаматтардың сотқа құрметі мен сенімін арттыру бағытында, ақпараттық технологиялардың сот процестеріндегі рөлі жөнінде   атқарылып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді. Сот жұмысын оңтайландыру бағытындағы пікірлері студенттер тарапынан қызығушылық туғызды. 

Р.Ж. Жағыпар  білікті заңгер ретінде қазіргі уақытта жиі кездесетін даулар мен оларды шешу, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдері жайлы сөз қозғады.  

А.А. Ташкенбаева  тергеу барысында кездесетін қиындықтар мен қылмыстық істерді тергеудегі жаңашылдықтармен және электрондық жүйенің ерекшеліктері жайлы сөз қозғады.

  

Жас мамандарымыз – кафедра оқытушылар Д.Б. Нуртаева мен А.Ж. Алдабаева қонақтарға өз ризалықтарын білдіріп, осындай кездесулердің студенттерге ғана емес, жас мамандарға да беретіні мол екеніне тоқталды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мен оқыту жолындағы мұндай кездесулердің пайдалы болатыны анық.  

Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.