«Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының On-line сабақтары

Наурыз айының екінші жартысынан бастап біздің білім беру бағдарламамызда қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Бастапқыда аздаған техникалақ қиындықтыр болғанымен, «көш жүре түзіледі» дегендей қазіргі уақытта кафедра оқытушылары да, студенттер де бұл платформаларды меңгеріп алды.

Қашықтықтан өту арқылы біз жаңа ортаға бет бұрдық, бұл өз компьютерлік дағдылары мен біліктерін арттыруға мүмкіндік берді.

Осы уақыт ішінде біздің әріптестеріміздің сандық сауаттылығы күрт өсті және бұл тек уақыттың талабы ғана емес, сонымен қатар өмірдің заманауи болмысындағы маңызды қажеттілік.

Студенттер сабақ барысында көңілдерін көтерді,сабақтың техникалық сапасын жақсарту үшін оқытушыларға кеңестер берді.

Студенттер оқытудың жаңа түріне қызығушылық танытты.

Карантин уақытында #Үйде болыңыз, бұл – тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді жайпаған коронавирусты індетпен күресудің бірден бір жолы.
Карантин ережесін сақтап, үйде қалуларыңызды сұраймыз!

«Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы барлық әріптестеріне үлкен құрметпен және моральдық қолдау көрсетеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.