«Bolashaq» Академиясының студенттері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясының ИН-25-1 тобының студенттері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша білім алды.Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, білім беру саласындағы тәжірибелерін кеңейту және инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерін меңгеру.

Оқу барысында студенттер дәрістік және практикалық сабақтарға қатысып, теориялық білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы бекітті. Атап айтқанда, презентациялар дайындап, эссе жазып, статистикалық мәліметтерді салыстырып, ақпаратты талдау және жүйелеу жұмыстарын орындады.Оқыту үдерісінде қолданылған тапсырмалардың әртүрлілігі студенттердің сыни ойлау, академиялық жазылым, ақпаратты іздеу және өңдеу, салыстыру және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, студенттер зерттелген тақырыптарға әртүрлі көзқараспен қарап, өз тұжырымдарын негіздеуге және жұмыс нәтижелерін тиімді ұсынуға үйренді.

Академиялық ұтқырлық барысында студенттер университеттің білім беру ортасымен танысып, өзге студенттермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қабылдаушы университет студенттері оқу материалдарымен бөлісіп, топтық тапсырмаларды орындау барысында қолдау көрсетіп, жаңа ортаға бейімделуге көмектесті.Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, академиялық және кәсіби дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мүмкіндік болды!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.