Магистранттарға дәріс оқылды

«Bolashaq»  Академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасына ең алғаш 2021-2022 оқу жылында қабылданған талап бойынша қысқы қабылдауға магистранттар қабылданған болатын.

Биыл, 2023 жылдың 20-21 желтоқсан күндері осы магистранттардың  педагогика ғылымдарының магистрлік дәрежесін қорғау жұмыстары аяқталды.  Алғашқылардың бірі болып МК-22 тобының магистранттары А. Смыкова, Г. Жаркеева, А. Абикеева, А. Жапабаева, А.М. Баймамырова, Д. Копеева, А.Оспанова,  А. Кызырова диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.

Қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. М.І. Абдуов, ф.ғ.к. Ж.М. Баймұрынов, ф.ғ.к. Қ.З. Сембиев диссертациялық жұмыстарды тыңдап, баға берді.

Сонымен қоса, ҚарУ-дің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Мұхаммедқали Ілиясұлы Абдуов МК-22 тобының магистранттарына 20-21 желтоқсан күндері «Репрессияға ұшыраған халық ақындарының әдеби мұрасы» тақырыбында дәріс оқыды.«Bolashaq»  Академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының бітіруші магистранттары лекторға осындай қызықты дәрісіңізбен бізге білім дәнін егіп, ой-өрісімізді кеңейтуге ықпал жасағаныңызға мың да бір рахмет деген алғыстарын білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.