“КӨПМӘДЕНИЕТТІ КЕҢІСТІКТЕГІ МАМАННЫҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ” ХХV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОО АРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында онлайн режимінде орыс тілінде. “КӨПМӘДЕНИЕТТІ КЕҢІСТІКТЕГІ МАМАННЫҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ” ХХV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОО АРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті. Конференцияны Ресей Халықтар Достығы университеті, РХДУ орыс тілі институты, РХДУ медициналық институты және РХДУ аграрлық-технологиялық институты ұйымдастырды.

Пленарлық отырысқа қатысушыларға арнап медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Пахомова Дамира Кеңесқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты гуманитарлық педагогика орталығының директоры, кафедра доценті Бокижанова Ғалия Қасқарбекқызы құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға фармацевтикалық пәндер кафедрасынан баяндамалармен қатысқандар:

Асанова Гүлшат Қалижанқызы, Картабаева Гүлжан Исбекқызы – (Фм 19-2).”Ас қорыту жүйесінің адамның жалпы денсаулығына әсері”. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тукубаева Гүлмира Нұрахметқызы;

Құсайынова Әйгерім (Фм 21-2). “ЖРВИ-дегі вирусқа қарсы препараттардың салыстырмалы сипаттамасы” ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Темиреева Күмісжан Слямгазиевна.

Оразғали Айжан (ФМ 22-1): “Zygophyllaceae тұқымдасының бірегей өсімдіктері Tribulus terrestris l зәкірлері”. Ғылыми жетекшісі: магистр Тутай Дарын Сұлтанғалиұлы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.