“Global Health” Халықаралық Конгресі

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары 2023 жылғы 1 желтоқсанда өткен “Global Health” Халықаралық конгресінің жұмысына қатысты. Конгресс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен “ҚМДБ” Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен, Менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығымен және Алматы қ. клиникалар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конгресс Секциялары:
“Медициналық қызметтер сапасының менеджменті және пациенттің қауіпсіздігі”
“Медицина мен денсаулық сақтаудағы заманауи технологиялар”
“Қоғамдық денсаулық сақтау”
“Постерлік баяндамалар”

Өткізу форматы: нақты уақыт режиміндегі бейне байланыс (телекөпір).
Конгресстің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конгресс жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры, Қоғамдық денсаулық сақтаудың 4-ші бағдарламасын (EU4HEALTH) имплементациялау жөніндегі Еуропалық Комиссияның консультанты, Менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы кеңесінің төрағасы, сондай-ақ таяу шет елдердің көрнекті ғалымдары (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және т. б.), медициналық клиникалардың басшылары, жоғары білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу ұйымдарының, түрлі департаменттердің өкілдері қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.