Алғыс Ғылыми тағылымдама

Рымбекова Мерей Талғатқызы және Сәтбек Қуаныш Жаппарұлы 7M01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттары 29.01.2020 – 05.02.20 ж. аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының базасында ғылыми тағылымдамадан өттік.

Тағылымдама барысында көптеген қызықты сәттер болды. Бірінші күні «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен танысып, кітапхана қорын араладық. Екінші күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми зерттеулердің психологиялық – педагогикалық әдістері мен әдістемелері» тақырыбындағы магистранттар, докторанттар және жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми семинарға қатыстық. Ол жерде кафедра оқытушылары п.ғ.д.,профессор, Магауова Акмарал Сабитоллаевнаға, п.ғ.к., доцент м.а Молдасан Қуаныш Шорманқызына және п.ғ.к., доцент м.а Сембаева Ардақ Мауленовнаға алғысымыз шексіз. Олар өздерінің бізге кәсіби шеберліктерін айқын көрсетіп, кәсіби-педагогикалық қызметке даярлықта үлкен педагогикалық тұрғыдан көмек беріп, болашақ педагог ретінде шеберліктерімізді жетілдіруге зор ықпалын тигізді және іскерлік қарым-қатынас кезінде өзіңді қалай ұстау керек екендігі жайлы тренинг өткізді.

Семинар соңында кафедра меңгерушісі Әлқожаева Н.С. ханым салтанатты түрде бізге сертификат табыстады.

Сонымен қатар, Алматы қаласын аралап, «Медеу» мұз айдынында, «Көк Төбеге» саяхат жасадық.

Тағылымдама барысы өте қызықты әрі пайдалы болды. Жалпы алғанда, ғылыми тағылымдама өз дәрежесіне сай, өте қызықты, пайдалы, тиімді жақтарымен, біздер үшін өте жақсы ғылыми іс сапар болды деп айта аламыз.

Біз екеуміз Қарағанды «Bolashaq» Академиясының ректоры ф.ғ.к., профессор Меңлібаев Құрал Несіпбекұлына және заң пәндері кафедрасының з.ғ.к., доценті Серимов Елеужан Елемесовичке, Ізгілік педагогика орталығының басшысы, аға оқытушы Шутенова Сабира Сартаевнаға алғыс білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.