Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы форум

2019 жылдың 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мәселесі бойынша форум өтті. Ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «Жаңару» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің астаналық филиалы.

Сөз жоқ, қоғамда сыбайлас-жемқорлық деректерінің көптігі, алаяқтықтың белең алғандығы, әділетсіздік пен ұрлық-қарлықтың асқынып бара жатқандығы құқықтық қоғам құруға ұмтылған азаматтардың ешқайсысын бей-жай қалдырмасы анық. Бұл салада жасалып жатқан бағдарламалар саны айтарлықтай көп болғанмен, нәтижесіне келгенде күмілжіп қалатынымыз тағы жасырын емес. Қоғамымыздың бүкіл саласына жегі құрттай дендеп енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті халық болып қолға алмаса болмайтындай дәрежеге жетіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қозғалысы осындай мақсатта құрылса керек.

Форумды «Жаңару» қозғалысының төрағасы белгілі қоғам қайраткері, Оралбай Әбдікәрімов ашты. Ол 9 желтоқсан – «халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» болып белгіленгенін тілге тиек ете отырып, бірлестіктік қызметінің негізгі бағыттарына, өткерілген, жоспарланған шараларға тоқталып өтті. Одан кейін сөз кезегін алған Төрағаның орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин мен қозғалыс өкілі Жазира Жылқышиевалар заң шығарушы органның «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданып, ертең-ақ күшіне енетіні туралы хабармен бөлісті. Онда Президент Қ-Ж. Тоқаевтың бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігі, бағынысты адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда мемлекетік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу жөніндегі көтерген мәселесі, бүгінде заңды ережелік институт ретінде көрініс тапқаны белгілі болды.

Әйтсе де форумда халық арасында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөні етене сөз болғаны көңілге үлкен қуаныш ұялатты.

Форумда сондай-ақ жыл бойғы қозғалыстың өмірінде жемісті еңбек еткендер «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жариялым», «Елорданың үздік мемлекттік қызметішісі» т.б. номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Форум соңында астаналықтарға арналған үндеу қабылданды.

Форумға «Bolashaq» академиясының ректоры Қ.Н. Меңлібаев, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Е.Е. Серімов арнаулы шақырумен барып қытысты. Форумда «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-нің Қарағанды облысы филиалының Директоры болып «Bolashaq» академиясының ректоры Қ.Н. Меңлібаев бекітіліп, растама куәлігі тапсырылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.