2026 жылғы 6 қарашада Шахтинск қаласында «День PRа» кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында Академия өкілдері Шахтинск, Долинка және Новодолинка қалаларының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Болашақ талапкерлерге Академияның білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері және жоғары білім алу мүмкіндіктері таныстырылды.

Мектеп оқушылары қабылдау ережелері, оқу мерзімі, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Bolashaq» Академиясының осындай іс-шараларға қатысуы Қарағанды облысындағы орта білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби бағдар беру жұмысын кеңейтуге және оқушылардың жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.


«Bolashaq» Академиясының кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда және болашақ талапкерлерге мамандықты саналы түрде таңдауда жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.