Сүйікті қала-Қарағанды

2021 жылдың 1-10 ақпаны аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет “Bolashaq” академиясы студенттері арасында Қарағанды қаласының 87 жылдығына арналған “Сүйікті қала – Қарағанды” шығармашыл жастар фестивалін ұйымдастырды.

Қатысушылар өздерін эстрадалық ән айту, мәнерлеп оқу, сурет салу, бейне ролик жанрларында сынап көрді. Басты шарт – шығармашылық жұмыстарды шахтерлер астанасына арнау керек.

Студенттердің жұмыстары Instagram парақшасында жарияланды және дауыстардың, лайктардың, түсініктемелердің көмегімен желі қолданушылары достарына қолдау көрсетті, ал қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

Қатысушылардың 27 жұмысы қаралды. Алайда жеңімпаздар 7 студент ғана болды.

Қорытынды:

Grand Prix-Кабай Қүннұр, Төребаева Асыл (К-18-1);

І орын-ФМ-20-2 тобы;

ІІ орын-Ин-19-1, Ин-19-1к топтары.;

ІІІ орын-ПиП-20-1 тобы.

Номинация:

  1. “Көрермендер көзайымы сыйлығы” – Бацунова Екатерина (Фм-18-1);
  2. “Арнайы жүлде” – Қали Қорлан (ПиП-19-2)
  3. “Ректор марапаты” -Саят Жадыра, Санай Ақмарал (Пмно-18-2).

“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы жеңімпаздарды құрмет грамотасымен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Мейірбек Байшағыров

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.