Мен, Сембек Назерке, Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін. 23.01.2023 жылы оқу танымдық практикаға, Ұлытау облысы Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектебіне келдім. Бұнда мектеп 1976 жылы құрылған, содан бері бірнеше түлектер ұшырылды. Мектеп 11 жылдық, мектепте мұғалім саны 26, екеуі шағын орталық тәрбиешісі, біреуі даярлық сынып мұғалімі, жиырмасы жоғары білімді, алтауы арнаулы орта білімдері бар. Жоғарғы санатты бір мұғалім педагог зерттеуші, он мұғалім 3 санатты мұғалім, алтауы 2 санатты қалғаны – қатардағы мұғалімдер. Мектепте бала саны орташа. Мектеп директоры Алмағамбетов Жумагали Жолшибекович өте қарапайым кісі, жетекшім – Жолдыбаева Гүлнар Абдикаримовна екеуі мектепті толықтай таныстырып көрсетіп шықты. Әрбір қабырғада мектеп үздіктері, мұғалімдері, қоғамдық іс шараларының фоталарын көріп шықтым. Кабинетте сынып бұрышы мен ережелерімен толықтай танысып шықтым. Балалар сабақта өте зерек, алғырлық танытып шықты. Жақсы сыныпқа, жетекшіге келгеніме сенімдімін, мұғалімдер біразы өздеріне жақын тартты. Сабақ 45 минут өтті, маған ұнады, біраз нәрсе үйрендім десем де болады. Маған «5» сынып оқушылары берілді. Сыныпта негізінен 11 оқушы, оның ішінде 8 ұл, 3 қыз. Сабақ аяқталғаннан соң алдағы уақытта қандай тақырыптарды өтетінімізді талқыладық.
You may also like
2020 жылдың 3 желтоқсанында “Bolashaq” академиясында БОПмӘ-19-2 К тобының студенттері арасында Skype платформасында on-line режимінде педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы өтті. Конференцияға […]
«Наурыз» мейрамы – терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мереке. […]
2024 жылы Қарағанды қаласы өзінің маңызды және айтулы оқиғасы — құрылғанына 90 жыл толуын атап өтеді. Бұл мерейтой қала тұрғындары мен қонақтары […]
2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq”академиясы” ЖМ кафедрасының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлытау ауданы мектептері түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Шараны […]