Оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы Спартакиада

“Bolashaq” академиясының оқытушылары мен қызметкерлері арасында турнирлер өткізу жақсы дәстүрге айналды. Салауатты өмір салтын ұстану жас ұрпақ үшін де, аға буын үшін де маңызды.24 қаңтарда “Bolashaq” академиясында ректор кубогына оқытушылар мен қызметкерлер спартакиадасы өтті. Жарысқа 5 команда қатысты.

Қайсар (Кафедралар: Қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілдер және МК, ЖББП, Фармация;)

Достық («Педагогика” кафедрасы)

Жеңіс ( Құқық және қаржылық пәндер кафедрасы)

Алібексіз (ТБ, ҚОТ және IT орталығы, ЖІК, СҚКО, Магистратура, Ғылым, ОӘБ)

Победа (Бухгалтерия, Кадрлар бөлімі, ӘШБ, Кітапхана, РИО )

Спартакиада спорттың 4 түрі бойынша өтті, олардың қатарына дартс (дарт лақтыру), дойбы, үстел теннисі, эстафета кірді. Бұл спорт түрлері кездейсоқ таңдалмады. “Bolashaq” академиясының оқытушылары мен қызметкерлері үшін оларға бұл ойын түрлері ұнады, өйткені бұл ойындар жылдам және қызықты. Ойын ерекшелігі-олардың жасына байланысты шектеулер жоқ.

Салтанатты шара академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекжанова Сәуле Бектасқызының құттықтау сөзімен басталды.

Дартс бойынша:

1 орынды “Қайсар”командасы иеленді

2 орын – “Жеңіс” командасы

3 орын – “Жеңіс”.

Дойбыда:

1 орынды “Қайсар” командасы иеленді.

2 орын – “Жеңіс” командасы.

3 орын – “Достық”.

Үстел теннисінде:

1 орынды “Жеңіс” командасы иеленді.

2 орын – “Әлібексіз” командасы.

3 орын – “Жеңіс”.

Эстафетада:

1 орынды “Жеңіс” командасы иеленді.

2 орын – “Әлібексіз” командасы.

3 орын – “Достық”

Барлық спорт түрлерінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаздар анықталды.

1 орынды “Жеңіс” командасы иеленді.

2 орын – “Қайсар” командасы.

3 орын – “Әлібексіз”.

Бұл жарыстар дәстүрлі түрде өткізіледі. Ұйымдастырушылар: ӘТЖ жөніндегі проректор Исмайлова Райхан Налжигитовна,ЖІК төрағасы М. К. Байшагиров және Dj Айдос және дене шынықтыру оқытушылары Мукушев Данияр Дәулетбайұлы, Макажанова Гүлшат Бектасқызы.

Әр спорт түріндегі қатысушылар грамоталармен марапатталды. Жалпы командалық есепте жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.