Кітапхана жаңалықтары

Құрметті оқырмандар! “Bolashaq” кітапханасы сіздерді қордың жаңа өнімдерімен таныстыруды жалғастыруда.

Сіздердің назарларыңызға қазақтардың бірыңғай мемлекетінің қалыптасу кезеңіндегі көрнекті тарихи тұлға-Қазыбек биге арналған басылымдарды ұсынамыз.

Қазыбек би басқа рулар үшін сот төрелігінің символына айналды, басқа елдермен қарым-қатынаста өз халқының мүдделерін қорғаған табысты дипломат ретінде танымал болды.

Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады.

63.2 (5Қаз)  
Қ 14
Қаз дауысты Қазыбек би. Мақалалар жинағы. I том. — Алматы: Мер-PRESS, 2017 – 475 б.

Бұл жинаққа қазақ халқының атақты биі, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, қазақ қоғамы өмірінің барлық саласын қамтитын «Жеті жарғы» құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі — Қаз дауысты Қазыбектің өмірі, қызметі туралы отандық, алыс-жақын шетелдік мұрағаттар қорынан алынған жазба деректерге, мағлүматтарға, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Авторлар көп еңбектенудің, ізденудің нәтижесінде, атақты бидің өмірдерегі жайлы бұрын белгісіз болып келген соны, тың, қызғылықты мәліметтерді оқырман назарына ұсынган. Сонымен бірге ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттегі Қазыбек би туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар да кемеңгер бидің халық жадындағы бейнесін сомдай түсіп, жарқыратып аша түскен.

ISBN978-601-03-0479-6                            © Хамзин М., Жангожин А., Оспанов Ж., Сүлейменов А., 2017
ISBN978-601-03-0480-2                              ©“Mep-PRESS” баспасы, 2017

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%A2%D0%B8%D1%82%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-3.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%9C%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D1%8B-2.pdf

63.2 (5Қаз)
А 82
Артықбаев Ж.  Қаз дауысты Қазыбек би. II том — Алматы: Mep-PRESS, 2017 — 475 б.
ISBN 978-601-03-0479-6 ISBN 978-601-03-0481-9
©Артықбаев Ж., 2017
©“Mep-PRESS” баспасы, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, Казақстандық, мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Жауапты редакторы — заң ғылымдарының докторы, профессор Н.О.Дулатбеков.
Бұл кітап қазақтың кемеңгер азаматы, дана тұлгасы, мәмілегері және ұлыс биі Қаз дауысты Қазыбектің өмір тарихына, қайраткерлік қызметіне арналган. Сонымен бірге кітапта ұлы даладагы мемлекет және билік институттарының бірнеше мыңжылдық тарихына жазбаша және ауызша деректер негізінде терең шолу жасалған. Қазақтың дәстүрлі ұлттық идеясының негізі болып табылатын Алаш түсінігін қалыптастырған көне заманның Майқы, Қоғам, Қотан билерден бастап XVIII ғасырдагы Төле, Қазыбек, Әйтекелерге дейінгі билер дәстүрі кітапта көрініс табады. «Қаз дауысты Қазыбек би» кітабы талғамы биік ұлт оқырманына арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%A2%D0%B8%D1%82%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-4.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%9C%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D1%8B-3.pdf

63.3 (Каз)
А 45
Аршабек Т.Т., Алпысбес М, «Каз дауысты Қазыбек би және оның тарихи заманы». / Т.Т. Аршабек, М. Алпысбес – Қарағанды: «TENGRI ltd» баспаханасы. 2017. – 450 б.
ISBN 978-601-7814-81-6

Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қаз дауысты Қазыбек би және оның заманы» атты еңбекте дәстүрлі коғам жан-жақты көрсетілген.Бұл еңбекте аса ірі саяси тұлға, би, шешен, философ, мәмілегер, қазақ ұлтының тарихында өшпес із қалдырған Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны, ұлт дүниетанымы мен руханиятын дамытуға қосқан үлесі көрсетілген. Аталмыш еңбек тарихшыларға, өлкетанушыларға, студенттерге және жалпы қауымға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%A2%D0%B8%D1%82%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-5.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%90%D0%BB%D2%93%D1%8B-%D1%81%D3%A9%D0%B7.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/%D0%9C%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D1%8B-4.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған