ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш

14 желтоқсан күні “Bolashaq” академиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай академия ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы студенттер мен оқытушыларға құттықтау лебізін білдірді.

Мереке қарсаңында академиямыздың бірқатар профессор-оқытушылары төл белгі, Құрмет грамоталары, алғысхаттармен марапатталды. Атап өткенде, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры Құрманғазы Зәкірұлына «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі берілді.

Заң ғылымдарының кандидаты, академиямыздың стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рысмагамбетова Гульнар Мусиевна “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi” құрмет дипломымен марапатталды.

Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – 3 Bolashaq академиясының қызметкері, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен – 4, Қазыбек би ауданы әкімінің құрмет грамотасымен – 13, “Nur Otan” партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары грамотасымен – 5, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшының құрмет грамотасымен – 2 және академия ректорының Құрмет грамотасымен – 31 қызметкері марапатталды. Сонымен қатар , академия ректоры белсенді студенттер мен олардың ата-аналарын алғысхаттармен марапаттады және 14 студентке ақшалай сыйақы берілді.

Марапаттау сәтінен кейін студенттер мен оқытушылар Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастырылуымен өткен мерекелік кешті тамашалады. Іс-шарада академиямыздың өнерлі студенттері мен арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетті, атап өтсек, олар Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері мен «ХайдакЪ» би ансамблі болды. ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛДІГІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН!

PHOTO: https://disk.yandex.ru/d/4_3HBeUY6pcBFQ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.