Жас филолог-2021

“Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2021 жылдың 5 наурызында “Жас филолог – 2021″облыстық конкурсының 1 турын қорытындылады.

«Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2021 жылы

05 наурызда Қарағанды облыстық Білім басқармасымен біріге отырып, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы орта мектептері, лицей, гимназиялардың 11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «Жас филолог – 2021» олимпиадасының бірінші кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен насихаттау мақсатында жастар арасында сөз өнерін насихаттау, көркемсөз өнеріне шыңдау, елінің патриоты болуға, мамандық таңдауға ықпал ету.

Олимпиаданың міндеттері:

– болашақ мамандықты таңдауға ынталандыру;

– жеке шығармашылық ойлау кабілетін арттыру;

– ауызша және жазбаша тілдік құзыреттілігін дамыту;

– орта білім ұйымдары мен ЖОО арасында байланысты нығайту.

Бірінші кезең – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тақырыпта эссе жазу.

Олимпиаданың бірінші кезеңіне облыс және қала мектептерінен 59 эссе қабылданды.

Олимпиада комиссиясының бірінші кезең қорытындысы бойынша 16 үздік эссе іріктелініп, екінші кезеңге жіберілді.

Екінші кезең – 12.03.2021ж. ZOOM платформасында сағ. 10.00-де өткізіледі.

Олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы бойынша ІІ кезеңге өткен оқушылар:

Оқушының аты-жөніБілім беру ұйымы
1Айсина Әсем«№31 жалпы білім беретін мектеп» КММ Теміртау қаласы
2Әділхан Айнұр Құралбекқызы«№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ Приозерск қаласы
3Төреханқызы Жаңыл«№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ Приозерск қаласы
4Тенызбаев Марғұлан Болатұлы«Ортадересін жалпы білім беретін мектебі» КММ
5Жапан Майгүл Тилейхан қызы«№29 мектеп» Теміртау қаласы
6Құрмашева Қарақат«Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп» КММ Шет ауданы, Ақсу-Аюлы
7Тойғанбай Іңкәр Мұхтарқызы«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ Шет ауданы
8Сайлау Назира ҒалымжанқызыОШ №7 Қаражал қаласы
9Махмұт Мәдина Санатқызы«Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-гимназия» КММ Ақадыр кенті
10Ерболқызы Жұлдыз«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ Балқаш қаласы
11Русланқызы Фарида«Баршын тірек мектебі (РО)» КММ Нұра ауданы
12Павлик Олжас Рахатұлы«Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей» КММ
13Махайн Манас«№23 тірек мектебі (РО)» КММ. Осакаров ауданы
14Бекмуратова Молдир«№8 гимназия» КММ Жезқазған қаласы
15Сайпитан Ажар«А.Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия» КММ
16Рымбек Айгерим«Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі» КММ Жаңарқа ауданы, Ынтымақ ауылы

Олимпиаданың екінші кезеңіне өткен үміткерлерге сәттілік тілейміз.Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, гүлденуіне өз үлесін қосатын білімді, айбынды, патриоттар – жастар, сіздерсіздер!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.