Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел

2021 жылғы 14 желтоқсанда сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік деген не?”атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара мақсаты: жастардың төзімділігі мен толеранттылығын дамыту. Аталған іс-шараға 1-3 курс студенттері белсене қатысты.

Күн тәртібінде 4 маңызды мәселе қаралды:
1 Тәуелсіздік дегеніміз не? Тәуелсіздік терминін қалай түсінесіз?
2 Тарихта қандай мемлекеттер тәуелсіздік үшін күрескен және олар тәуелсіздік үшін қалай күрескен?
3 Қазақстанға тәуелсіздік не берді? Біздің тәуелсіздігіміздің қандай жетістіктерін атай аласыз?
4 қазақстандық қоғамның ерекшелігі неде?

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары: Балжан Каировна, Гульфарида Шамсуловна, Александр Сергеевич, Роза Сәбитовна және Алтынай Болатовна өз үлестерін қосты. Іс-шара модераторы: Абдрешева Мадина Аббасовна болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.