25 ақпан күні “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында (халықаралық қатысумен) “Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту перспективалары” тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Секцияға барлығы 30 ғылыми баяндама ұсынылды.
Конференцияға Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Н. Ф.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің (Абакан қ., Ресей Федерациясы),
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы), “Нархоз университеті” КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) және “Bolashaq”академиясы студенттері мен магистранттары қатысты.
Секция жұмысына баяндамашылар, студенттер мен магистранттар, заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының және “Әділет”студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты.
Секция отырысын заң ғылымдарының кандидаты, профессор А. Т. Қабанов модерациялады.
Секциялық отырыс шеңберінде мемлекет және құқық теориясының, конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, кәсіпкерлік, қаржылық және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ құқық қолдану практикасының проблемалары талқыланды.
Конференцияға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
З.Гартманның “1993 және 1995 жылдардағы ҚР Конституцияларын салыстырмалы талдау”, А. Макашеваның “Қазақстан Республикасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері”, И. Хинцицкийдің “Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау”тақырыбындағы баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Баяндамашылар мен секцияда ұйымдастырылған жалпы пікірталасқа қатысушылар Конституция мен заңдардың үстемдігін, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Секциялық отырысқа қатысушылар ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Г.А. Қадыроваға, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі А. Т. Қабжановқа, құқықтық зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының маманы Г. С. Смағұловаға конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ерекше алғыс білдіреді.