Дуалды оқыту: болашақ педагогті кәсіби ортада даярлау

 «Bolashaq» академиясының Педагогика кафедрасында «6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту моделі жүзеге асырылуда.Дуалды оқытудың негізгі мақсаты – студенттің теориялық білімін нақты мектеп тәжірибесімен ұштастырып, кәсіби құзыреттілігін ерте кезеңнен қалыптастыру.

Осы бағытта ПМНО-24-2 тобының студенттері  қаламыздағы «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында практикалық даярлықтан өтуде. Кафедраның аға оқытушысы Сарбасова К.А. жетекшілігімен «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» және «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндері бойынша дәріс, семинар және СОӨЖ сабақтары ұйымдастырылады.Сабақ барысында студенттер заманауи оқыту әдістерін, цифрлық білім беру ресурстарын, практикалық тапсырмаларды және оқушымен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін тәжірибеде қолданады.

Мектептің тәжірибелі педагогтері студенттерге практикалық бағыт-бағдар беріп, ал кафедра оқытушылары әдістемелік қолдау көрсетеді. «ЖОО – мектеп – студент» ынтымақтастығы болашақ педагогтің кәсіби тәжірибесін нығайтып, еңбек нарығына дайын маман қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде педагогика кафедрасының оқытушылары мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуге, ғылыми-әдістемелік мақалалар дайындауға және білім берудегі жаңа бағыттарды тәжірибеге енгізуге көмектеседі. Қазіргі таңда жасанды интеллект, цифрлық білім беру ресурстары, оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту, критериалды бағалау және оқытудың белсенді әдістері сияқты бағыттар бойынша өзара тәжірибе алмасудың маңызы артып келеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.