14 наурыз – Көрісу күні

Осындай тақырыппен 6В04201 –Құқықтану білім беру бағдарламасының «Құқықтық және қаржылық пәндері» кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы Л.М.Жунусова Ю-21-2, Ю-23-2 топтарының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді.

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз – жаңару мейрамы. 

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.

Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды. 

Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек. Көрісуге келмеген адамға «Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады. 

Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!

Ұлыстың Ұлы Күні Әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.