Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша іссапар

13-сәуірде   «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы М.С. Смағұлова кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  Ақтоғай ауданының мектептеріне барып қайтты. Онда мектеп түлектерімен кездесіп, педагог мамандығының қыр-сыры  туралы сұхбаттасты.

  М.С. Смағұлова өз жұмысын Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебінен бастады. Іс-шараға сынып жетекшісі Мухамеджанова Забира Темиртасовна  өзінің мектеп бітіруші түлектерімен бірге қатысып, «Bolashaq» Академиясы туралы мәліметтер алды. Кездесуде қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы  жайлы жан-жақты айтылып, тың ақпараттар берілді.

    Екінші кездесу Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінде өтті. Мектеп түлектерімен кездесіп сұхбаттасу барысында мамандық   таңдау басты жауапкершілік екеніне тоқтала отырып, Академия жайлы ақпараттар берілді.

       Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетістіктері, студенттердің өмірі, жеңілдіктер, әр түрлі мүмкіндіктер жайлы сөз етілді. М.С.Смағұлова мектептегі кәсіби бағдар беруші Сағынаева Гүлмира Боранбайқызымен сұхбаттасып, мектеп түлектерінің  қандай мамандыққа баратындарын сұрап, толық ақпарат алып қайтты. Кездесу соңында әртүрлі сауалдарға жауап беріліп, ақпарат парақшалары үлестірілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.