Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

2021 жылдың 29 қарашасында мектеп түлектеріне онлайн түрде ZOOM платформасында ақпараттандыру бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Қарағанды қаласының № 66 мектеп-лицейінің, № 16 ЖОББМ 11 сынып мұғалімдері мен оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Махмутова «Біз және мамандық әлемі» тақырыбында диспут өткізді.

Кездесу «Біз және мамандық әлемі» тақырыбында диспут түрінде өтті. Кездесу аясында Махмутова Гүлім Сағынбаевна 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламаларының презентациясын көрсетті, академия туралы және сапалы мамандарды дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Болашақ түлектермен кездесуде жоғары оқу орындарына түсу мәселелері талқыланды, абитуриенттерді қабылдау ережелерімен және «Болашақ» академиясында оқу шарттарымен ақпарат берілді, оқу құны мен ұзақтығы туралы сұрақтарға жауаптар берілді, «Bolashaq»» академиясының қандай салалар бойынша мамандар дайындайтынын, «Bolashaq» академиясында оқу арқылы қандай білім беру бағдарлама алуға болатынын, алынған мамандықтардың қандай мүмкіндіктер ашатынын, олардың еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екенін жан-жақты айтып берді.

«Bolashaq» академиясы студенттерінің қызықты да оқиғаға толы өмірі, академиялық ұтқырлық, академия қабырғасында және одан тыс жерлерде өткізілетін іс-шаралар, «Лимонад» студенттік газеті туралы айтылды. Оқушылар әңгімеге белсене қатысты, академияға қабылдау шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кәсіптік бағдар беру жұмысы студенттерді өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсінуге негізделген мамандықты саналы, дәлелді таңдауға ынталандырады. Студенттер академияға түсу туралы сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.