“Жаңа Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл жағдайындағы мәдениет және құндылық” конференциясына қатысу

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Н. Е. Елікбаев 2022 жылғы 21 қыркүйекте профессор М.М. Сужиковтың 90 жылдығына арналған “Жаңа Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл жағдайындағы мәдениет және құндылықтар” республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты. Баяндаманың тақырыбы: “Замана тынысының салауатты азаматы”.

Аталған конференция Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында “Қазақстанның орнықты даму стратегиясы контекстіндегі қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу” ғылыми бағдарламасы аясында өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.