«Кураторлық қызмет, оның міндеттері және ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар – тренинг

  29 мамырда «Bolashaq» Академиясында  «Кураторлық қызмет, оның міндеттері және ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында академиялық топтардың кураторларына арналған семинар – тренинг өткізілді.

Семинар мақсаты:

– Кураторлық қызмет және оның негізгі міндеттері мен ұйымдастырушылық ерекшеліктерімен таныстыру;

– Кураторлардың педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы тәрбие формалары мен әдістерін жетілдіру;

– Кураторларға ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек беру.

ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмаилова  “Педагог-куратор құжаттары” тақырыбында баяндама жасап кураторлардың жыл бойына толтырылатын іс қағаздары мен толтыру жолдарын түсіндіріп, таныстырды.

Семинар барысында педагог-кураторлар С.К. Мекадилова., Г.К. Отыншиева ., Г.Н.Тукубаевалар “Студенттермен  жүргізілетін жұмыс формалары” тақырыбында баяндама жасап, іс тәжірибесімен бөлісті, рефлексия жасалды.

Педагог-кураторларға арналған семинар-тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.