ТМД үздік педагогы-2023

Ғылым мен білім беруді қолдау, үздік инновациялық идеяларды айқындау мақсатында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығын мерекелеу құрметіне “Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі халықаралық ұйымы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге арналған “ТМД – ның үздік педагогы-2023″ халықаралық конкурсын ұйымдастырды.”ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023” жинағына ТМД-НЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ кіреді.

Байқау қорытындысы бойынша, 2023 жылғы 26 мамырда Астана қаласында “Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері” атты VІІІ халықаралық конференция өтті және “ТМД үздік педагогы”, “ТМД Үздік жас ғалымы”атты халықаралық кітап топтамасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

2 дәрежелі дипломдармен және “ТМД үздік педагогы” медалімен “Bolashaq” Академиясының оқытушылары, фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Болдыш Светлана Камашевна және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Сабира Сартайқызы Шутенова марапатталды .
Сонымен қатар, жобаның қорытындысы бойынша №759-06/2019k “Бөбек “Жалпыұлттық қозғалысы” (Астана қ., Қазақстан), Ресейдің ғылыми дәйексөз индексімен (РҒДИ) (Мәскеу қ., Ресей) жасалған шарт шеңберінде мерзімді емес басылымдарды орналастыруға eLIBRARY.RU (https://elibrary.ru) ғылыми электрондық кітапхана сайтында метадеректерді орналастыру жоспарлануда.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.