Дойбы – ойлау қабілетін жақсартатын спорт түрі

23 ақпан күні өткен Спартакиада ойындарында Академия студенттері дойбы ойынынан 3 орынға ие болды.🥳🥳

Ойынның мақсаты – интеллектуалды ойындарды насихаттау. Зерек те алғыр жастар арасынан дүл-дүлді анықтау.🧐 

Ақыл-ойды дамытатын спорт түрлеріне қазақ халқы ежелден ерекше ден қойған.  Осындай іс-шаралар қарапайым əуесқой ойыншылардың шыңдалуына жол ашады.

Жүлделі 3 орынды қанжығамызға байлаған спортшыларымыз:

Жарылғасынов Ерсұлтан, Фм-18-3 тобы

Ханат Өтеген, Ю-20-2 тобы

Хамитова Айбану, Фм-18-3 тобы

Саркен Айзат, Фм-18-3 тобы

Жаттықтырушылар мен студенттерге алғыс айтамыз🌸.Білімдеріңіз шыңдала берсін!✊🏻

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.