«Еңбегіне қарай — құрмет, жасына қарай — ізет»

«Еңбегіне қарай — құрмет, жасына қарай — ізет», демекші,қыркүйектің соңғы жексенбісі “Еңбек” күніне орай 22 қыркүйек күні “Bolashaq” Академиясында екі еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс шараға ф.ғ.д., профессор Мәуен Хамзиевич Хамзин мен з.ғ.к, профессор, Құқық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі, Акылбек Тайбулатович Кабжанов қатысты. Озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіруде ерен еңбек ардагерлері 1 курс студенттерімен кездесті.

Кездесуде қос ұстаз студенттерге өздерінің білім жолы туралы,мамандығы туралы баяндап,тәжірибесімен бөлісті. Студенттер де өздерін қызықтарған сұрақтарын қойып,белсенділік танытты.Кездесу соңында қос ұстаз жастарға болашақта жақсы маман иесі болуына сәттілік тілеп,қай салада еңбек етсе де қайратты, төзімді болуға шақырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.