Маусымашар КТА

2020 жылдың 10-14 ақпан күндері елорда Нұр-Сұлтан қаласының «NOMAD CITY HALL» комедия театрының сахнасында республикалық КТА ойындарының жыл сайынғы, дәстүрге айналған фестивалі өтті. Жаңа маусымға 140-тан астам команда қатысты. “Bolashaq” академиясының студенттері, оның ішінде «Қазақстан студенттер альянсының» мүшелері бұл сайыстан шеткері қалмады.

Ойын қорытындысы бойынша Қарағанды шахарының намысын қорғауға барған «Әр түрлі» командасы «Нұр-лига» маусымына жолдама алды. Қарағандылық жігіттердің көшін бастап барған «Фармация» мамандығының студенті, «Абзал жандар» жайдарман тобының капитаны Нұрбота Совет «Әрі қарай маусымда жоғары деңгейде өнер көрсететініне сеніміміз мол» – деп жазды инстаграм парақшасында.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.