Академик А. Д. Сахаровтың туғанына 100 жыл

“Академик Сахаров мұрасын сақтау жөніндегі қоғамдық комиссия” өңірлік қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде “Bolashaq” Академиясы “А.Д. Сахаров – дәуір адамы” көрмесін өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді экспозициямен танысуға шақырамыз.

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (мұражайлар, мұражай-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, цирктер, мәдени-демалыс ұйымдары және басқалар) қойылатын талаптарды сақтауды сұраймыз (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 20 қаулысына 2к-қосымшасы), атап айтқанда:

  • күту аймағына келушілер 15 адамнан аспайтын топтармен кіреді;
  • келуші санитарлық шараларды сақтай отырып, объектінің ішіне өтеді (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы)
  • күзет тексерісінен өтеді;
  • келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, залды қарайды;
  • зал периметрі бойынша залға кіре берісте қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер мен антисептикалық құралдар орналастырылған;
  • келушілер залдан 2 метр қашықтықта қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көрсетілген бағыттар бойынша аралайды;
  • залдан схемаға сәйкес шығады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.