Үздік жас ғалым – 2020

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ҒАЛЫМДАР, СТУДЕНТТЕР, МАГИСТРАНТТАР ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТАР!

Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын «Үздік жас ғалым – 2020» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының І-ші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Құжаттар: – Ғылым саласында – Өнер саласында – Спорт саласында – Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен жастар қабылданады (ескерту: 35 жасқа дейін). Материалдар: 2020 ж. 20 қаңтарға дейін қабылданады.

Қатысу формасы – іштей және сырттай. Кітап жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Жоба қатысушыларына «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық үздік жас ғалымдардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Жас ғалым – 2020» медалі және І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

Телефон: +7 (701) 475 16 38, +7 (775) 43 699 42 e-mail: science.org.kz@mail.ru

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.