Кәсіби бағдар жұмысын өткізді

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қаланың 10 мектебінде дәстүрлі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыс барысында әлемдік ауқымдағы эпидемиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптар барынша сақталды (маскалар кию, дезинфекциялық сұйықтықтарды пайдалану, дене температурасын бақылау және т. б.)

Мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларымен кездесу форматы мектеп әкімшілігінің талаптарына байланысты онлайн және офлайн режимінде өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылар мен олардың ата-аналарына Академиядағы (бакалавр, магистратура және PhD докторантура) мамандықтар туралы толық ақпарат ұсынылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.