Биология және химия олимпиадасы 2023

2023 жылдың 10 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 18 өтінім және химия бойынша 16 өтінім берілді. Олимпиадаға биология пәнінен 14 оқушы және химия пәнінен 13 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты-мектептердің болашақ түлектеріне кәсіби бағдарлауда және мамандық таңдауда белсенді жәрдемдесу, химия және биология саласында кең білімі бар неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау.

Биология пәні бойынша олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын-Кулназарова Клара – “№ 8 ЖББМ”, Теміртау қ.,

2 орын – Шоменова Ботагөз-С. Саттаров атындағы мектеп-лицей. Қарағанды қ.,

2 орын-Суровцев Арсений-“№7 Білім беру мектебі ” КММ

3 орын-Сыламия Сұңқар-“Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы” КММ, Абай қ.

3 орын-Нечаева Лия – “№2 ЖМ” КММ, Шахтинск қ.

Химия пәні бойынша олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын-Амантай Бекжан, Е.Шаханов атындағы тірек мектебі КММ, Жаңарка,

2 орын – Төкенов Дәурен, Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі, Шахтинск қ.,

3 орын-Оспан Томирис, “Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясы” КММ, Абай қ.,

3 орын – Миненко Анна, Ы. Алтынсарин атындағы “Тірек мектебі” КММ., Нұра ауданы, Нұра кенті.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.