Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі

            Мен, Мейрамова Жанар, Қарағанды қаласы  «Bolashaq»      академиясының   «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4  курс студентімін. С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-да педагогикалық практикамның екінші аптасы аяқталды.

       Алғашқы күндерге қарағанда қазір мектеп ұжымымен жақынырақ танысып, мектепке үйрене бастадым. Өзім күнара 7 сыныпқа қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақ беріп жүрмін. Мектепте тек сабақ беріп қана қоймай, сыныбыммен мектепшілік іс-шараларға қатысып жүрміз. Мысалға алатын болсақ, 08.02.2023 жылы “Биші болғым келеді” атты мектепшілік би байқауы болды. Осы сайысқа сыныбымнан Қали Рамина және Рахымбекова Кәусәр қатысты, ал Мұқашов Асылан сайыста жүргізуші болды. Біз сайысқа күнде сабақтаң соң қалып, үнді биіне барынша дайындалдық. Дайындық барысында оқушыларыма білгенімді үйреттім, осы сайыс арқылы сыныбыма бір қадам жақын болдым десем де болады. Біздің жақсы дайындығымыздың арқасында “Биші болғым келеді” атты мектепшілік би байқауында  3-орынды иелендік, бұл біз үшін үлкен жетістік.

           Негізі бұл байқаудың мақсаты орта буынды сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.

Бұл менің педагогикалық практикадағы бірінші байқауым, әлі де сыныбыммен талай байқауларға қатысып, жүлделі орындар алатынымызға сенімдімін.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.