“Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” ҒПК – ға қатысуға шақырамыз

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар!
“Bolashaq” академиясы 2021 жылдың 26 ақпанында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері”атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;
Қаржы жүйесінің проблемалары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
Ұлттық экономика;
Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;
Тәрбие, оқыту және білім беру процестерін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер;
Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаның дамуы;
Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы;
Тілдерді білу-мәдениетаралық коммуникация негізі;
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
Химия-фармацевтика және биология-медицина ғылымдарының өзекті мәселелері дамудың қазіргі кезеңінде.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Инф-письмо-студ-2021.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.