Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрметті студенттер мен әріптестер!

Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 2021 жылғы 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін карантиндік шаралар күшейтіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирустық инфекцияның көбею қаупі бар.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынсын.
Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24 пайызға төмендету жөнінде шаралар қабылдансын.

Достар! Санитарлық және профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыз. Адам көп жүретін орындарға баруды шектеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Дереккөз: http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=102668

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.