Bolashaq Academy is the best!

Қарағанды қаласының Октябрь ауданының № 134 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі мен ұжымы Ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысқаны және көмек көрсеткені үшін “Bolashaq” Академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Майра Балиевна Шащановаға алғыс білдіреді.

АЛҒЫС ХАТ

Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы, Октябрь ауданының Көкбекті бекетінде орналасқан «№134 негізгі орта мектебі» КММ-де 2021 жылдың 1-6 ақпан аралығында информатика пәнінің мұғалімі Л.М.Валееваның жетекшілігімен 5-9 сыныптар арасында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы өткен болатын.

Жалпы мақсатымыз: «Информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, ойын әдістерін қолдану арқылы ақпараттық сауаттылық апталығын дайындау және өткізу барысында оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту». Осы тақырыпта 2021 жылы 3 ақпанда «Bolashaq» академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Майра Балиевна Шащановамен  онлайн кездесу өткен болатын.

Кездесу барысында Майра Балиевна ғаламтор желілері туралы көптеген қызықты  мағлұматтар берді. Келешекте осындай кездесулер тағы жалғасын табады деген үмітпен №134 негізгі орта мектебі әкімшілігі мен ұжымының атынан «Bolashaq» академиясының ұжымы мен  Майра Балиевнаға  шығармашылық табыс тілей отырып, үлкен алғысымызды білдіреміз.

«№134 негізгі орта мектебі» КММ-нің оқу бөлімінің орынбасары 
Салтанат Кошкинбаевна Тайжанова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.