Bolashaq Academy is the best!

Администрация и коллектив общеобразовательной школы № 134 Октябрьского района города Караганды выражает благодарность Майре Балиевне Шащановой, кандидату технических наук, профессору Академии “Bolashaq” за активное участие и помощь в проведении Недели информационной грамотности.

АЛҒЫС ХАТ

Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы, Октябрь ауданының Көкбекті бекетінде орналасқан «№134 негізгі орта мектебі» КММ-нің 2021 жылдың 1-6 ақпан аралығында информатика пәнінің мұғалімі Л.М.Валеевамен жетекшілігімен 5-9 сыныптар ортасында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы өткен болатын.

Жалпы мақсатымыз: «Информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, ойын әдістерін қолдану арқылы ақпараттық сауаттылық апталығын дайындау және өткізу барысында оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту» барысында 2021 жылы 3 ақпанда «Bolashaq» академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Майра Балиевна Шащановамен  онлайн кездесу өткен болатын.

Кездесу барысында Майра Балиевна ғаламтор желілері туралы көптеген қызықты  мағлұматтар берді. Келешекте осындай кездесулер тағы жалғасын табады деген үмітпен №134 негізгі орта мектебі әкімшілігі мен ұжымының атынан «Bolashaq» академиясының ұжымы мен  Майра Балиевнаға  шығармашылық табыс тілей отырып, үлкен алғысымызды білдіреміз.

«№134 негізгі орта мектебі» КММ-нің оқу бөлімінің орынбасары 
Салтанат Кошкинбаевна Тайжанова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.