2022 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды «Bolashak» академиясынның Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары латын графикасын студенттер арасында кеңінен насихаттау барысында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» эссе конкурсын өткізді. Эссе жазуға 1-4 курс студенттері қатысты. Тәуелсіздік жылдары қазақ елінің жүріп өткен жолын саралау және болашағын болжау арқылы 1-4 курс студенттері бойына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені негіздеу мақсатында жүргізілген эссе жазу жұмысы жақсы нәтижеге жетті. Қазақ тілі мен әдебиеті ББ бағдарламасының оқытушылары эссені тексеріп, қорытындысын шығарды. Қатысқан барлық студенттер тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете түсінді және ойларын тек қазақ тілінде ғана емес, латын графикасы негізінде де жақсы жеткізе білді деп ойлаймыз.

