«ТІЛ-ҚАЗЫНА – 2024» байқауының  қорытындысы

«Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «ТІЛ-ҚАЗЫНА –2024» байқауының  екінші  кезеңін 15.03.2024ж.  сағ. 10.00-де ZOOM платформасында онлайн өткізді. (Қатысушыларға сілтеме бір күн бұрын жіберілді.)

«Тіл-Қазына – 2024» байқауына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Байқауға жауапты аға оқытушы Б.А.Абылбаева алды-ала байқау материалдарын әзірлеп, өтінім жұмыстарымен танысып отырды, академия баспасына алғыс хаттар мен сертификаттарға өтінім беріп, онлайн өткізілетін кабинетті жабдықтады.

Комиссия төрағасы болып кафедра меңгерушісі, профессор  Қ.З.Сембиев және мүшелері кафедра доценті Р.Н.Исмаилова,   доцент Р.Х.Абдрахманов, аға оқытушы А.М.Баймамырова, аға оқытушы Б.А.Абылбаева бекітілді.

  Екінші кезеңнің ашылу салтанатында  академияның тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі проректоры Р.Н.Исмаилова қатысушыларға ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.  

Екінші кезең –  «2024 жыл – Еріктілер жылына»  орай «Шексіз мейірімділік» тақырыбында кез-келген көркем шығармалар мен публицистикалық туындалардан монолог оқу (үзінді көлемі кемінде 300-350 сөз, уақыт ұзақтығы 2 минут, жатқа оқу керек).

Әрбір қатысушы алдын-ала үзіндінің қағаз нұсқасын bolashak_kazaktili@mail.ru эл.поштасына жіберуі міндеттелген болатын.

3.2. Көркемсөз (монолог) оқу шеберлігіне қойылатын талаптар:

– дыбыс үйлесімділігі мен үндестігін ескеру;

– сөйлеу техникасы мен екпіннің болуы;

– мәнерлеп оқудағы дикцияның айқындылығы;

– кідіріс және онын түрлерінің дұрыс болуы;

 2-турға өткен барлық оқушылар қатысты.

Кезең өте әсерлі,  жоғары  шығармашылық деңгейде  өтті.

Сонымен қорытындылай келе,

«ТІЛ-ҚАЗЫНА – 2024» байқауының жеңімпаздары:

1-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 100%  жеңілдікке

 Бахтияр Шынар Еркебұланқызы (Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББМ КММ);

2-орын – оқудың1 жылдық төлем ақысына – 50%  жеңілдікке

 Жұмагелді Ділназ Марғұланқызы (Қарқаралы  ауданы, Томар ауылы, №22 ЖББМ КММ);

3-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 25%  жеңілдікке

 Орақбай Мәдина Қуанышқызы  (Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы,    №14  ЖББМ КММ).

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы  Б.А.Абылбаева байқаудың нәтижесінен соң  жеңімпаздарға сертификат және   жетекшілеріне алғыс хат  жеткізілетіндігін  хабарлады және жеңімпаздардың академияға келулеріне ақ жол тіледі,  барлық қатысушылардың жетекшілеріне алғыс білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.