Мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 15 наурызда «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.М.Жунусова  Қарағанды қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын өткізді.

Кездесу барысында түлектерге «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасындағы білім беру  бағдарламалары таныстырылып, осы білім беру бағдарламасының магистратурасына түсу мүмкіндігі туралы ақпараттар берді. Білім беру  бағдарламаларының білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы, студенттер клубтары мен әр түрлі іс-шараларға белсене қатыса алатындары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Bolashaq» Академиясының орны, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру нысандары, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды.

Оқушылардың мамандық таңдаудағы талаптары, ЖОО-на деген көзқарастары, алдыға қойған мақсаттары, таңдалатын мамандықтардың бүгінгісі және ертеңі деген секілді ойлары әңгімелесу барысында сөз етілді. «Bolashaq» Академиясында атқарылатын қоғамдық іс-шаралар, конференциялар, олимпиадалар жөнінде өздерінің пікірлерін айтты. Кәсіптік бағдар беру арқылы түлектердің әр мамандыққа деген қызығушылын, мамандық таңдауда жаңылыспай, дұрыс шешім қабылдап, білікті маман болуларына  жол көрсету дұрыс нәтиже беретіндігіне көз жеткізілді.

Оқушыларға «Bolashaq» Академиясының кәсіби бағдар беру материалдары жөнінде буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.