«Қош келдің, әз-Наурыз!»

15 наурыз күні “Bolashaq” Академиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараға академияның оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты.

Концерттің шымылдығын академиямыздың ректоры Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна өзінің құттықтау сөзімен, жылы лебізімен ашты. Құттықтау сөзді академиямыздың ақсақалдары Хамзин Мәуен Хамзиевич,Саттарова Фарида Фаттаховна,Елікбаев Наби Елікбаевич жалғастырып, тілектерін білдіріп, жастарға бата жолдады, поэзиялық шығарма тарту етті.


Концерттік бағдарламаны студенттер өздерінің әсем әндерімен, әдемі билерімен жалғастырды.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткен кеште академия оқытушылары, қызметкерлері және студенттері үшін арнайы мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді.


Мерекелік іс-шараға қатысқан барша академия ұжымына және студенттерге алғысымыз шексіз. Мереке құтты болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.