Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы

2023 жылғы 8 маусымда “Bolashaq”Академиясында “ЖАҢАРУ” РҚБ Қарағанды облыстық филиалы және “ЖАҢАРУ “сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен “Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарындағы даму деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” тақырыбында семинар болып өтті.

“ЖАҢАРУ “сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігі және “Bolashaq”Академиясы бірлесе отырып,  “Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына даму деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу ” тақырыбындағы әлеуметтік жоба аясында кездесу  ұйымдастырды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, Еңбек және құқық қорғау органдарының ардагерлері, Облыстық ” Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы” ҚБ өкілдері, Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының мамандары,  “Bolashaq”Академиясының студенттері және Қарағанды Жоғары “Bolashaq” колледжінің студенттері  қатысты.

Семинардың басталу сәтінде  “Bolashaq” Академиясының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Рысмағамбетова Гүлнара Мусиевна құттықтау сөз сөйлеп, семинарға  қатысушыларды таныстырып, семинар мақсатын түсіндірді.

Модератор  М. З. Семғалиев семинар бағдарламасы барысында  баяндамашыларға сөз берді:

 1.Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы – ҚР қоғам қайраткері,”ЖАҢАРУ” РҚБ құрметті төрағасы;

2.Семғалиев Мэлс Зейноллаұлы – “ЖАҢАРУ”сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

3. Мамраев Бейбіт Баймағанбетұлы, профессор,”ЖАҢАРУ” РҚБ төрағасының орынбасары;

4. Әлиев Кабдулла Хамитұлы, “ЖАҢАРУ” РҚБ аппарат басшысы.

Кездесу барысында  “ЖАҢАРУ”сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері және жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болуы, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту мәселелері талқыланды.

Семинарда “ЖАҢАРУ” РҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қ.З.Сембиев,  “Bolashaq” Академиясының доценті А.В.Пименов, ЖББ кафедрасының меңгерушісі А.У.Илясова, Ю-19-2 тобының студенті М.Қожахметов және Қарағанды Жоғары “Bolashaq” колледжінің студенттері сөз сөйлеп,өз пікірлерімен бөлісті.

Іс шарада  жастардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік, жеккөрушілік қағидаттарын қалыптастыру, оның қоғамға зиянды, қауіпті індет екенін түсіндіру-олардың болашақта таза, әділетті қоғамда өмір сүруі үшін нақты қадамдарға аяқ басуына жол ашатыны сараптап айтылды.

Кездесу барысында  студенттер сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Презентация жоба 2023г

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.