Кездесу өтті

2023 жылғы 5 маусымда “Қаржы” білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілімен кездесуі өтті.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы Әсел Ермекқызы Тілегенова студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын мекеменің мақсаттарымен, функцияларымен таныстырып, мемлекеттік қызметке салық органдарына түсетін кандидаттарға қойылатын негізгі шарттар мен талаптар туралы айтып берді.

Аға оқытушылар Тайлақ Ә.Е., П. Н. Бузаубаева құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының атынан Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыруда өткізілген кездесуі мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.