ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДА

Өткен жылғы қайғылы қаңтар оқиғасына жыл толды. Әлеуметтік жағдай, жұмыссыздық т.б. наразылық туғызып, жекелеген топтар тарапынан заңсыздық орын алды, ол жайттар туралы айтылып, тиісті баға берілуде. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру жайлы бастамасына сәйкес, соңғы күндер ішінде бірталай саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани іс-шаралар жүзеге асырылуда, атап айтқанда, 

– елімізде Конституциялық сот құрылып, өз жұмысын бастады;

– халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту жолында зейнетақы, жәрдемақы, төменгі жалақы, бюджет қызметкерлерінің, жалпы тұрғындардың кірісін көбейту т.б. жүзеге асуда;

– жұртшылықты елең еткізген жайт: үкіметтегі кадрлық өзгерістер болды. 

Тұжырымдай айтсақ, бұлардың барлығы әділетті, әр қазақстандықтың құқығы заңмен қорғалатын қоғам құрудың пәрменді алғышарттары деп білгеніміз абзал. 

Мауен Хамзин,

филология ғылымдарының докторы, 

профессор

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.