Академиялық ұтқырлық бағдарламасының нәтижелі жұмысы

Қазіргі уақытта «Bolashaq» Академиясы мен отандық және алыс-жақын шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы бірнеше келісімшарт бар. Аталған шартқа орай ЖОО-лар академиялық ұтқырлық аясында білім беру жетістіктері жөнінде әр оқу жылы сайын үздіксіз тәжірибе алмасу арқылы жемісті жұмыс атқарып келеді.

2023 жылдың 20 қараша – 1 желтоқсан күндері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қарағанды «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына түркология мен қазіргі қазақ тілінің мәселелері бойынша мазмұнды дәрістер оқыды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі оқу орнының арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда. Осы жылдың мамырында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Касенов «Bolashaq» академиясының студенттеріне, магистранттарына «Әдеби мұраны игеру проблемалары» тақырыбындағы дәріс оқып қайтқан болатын. Бұл тұрғыдан екі тараптың дәрістер алмасуын академиялық ұтқырлық бағдарламасының нәтижелі жұмысы деп атап өтуге болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.