Дөңгелек үстел: “Мамандықтар әлеміндегі бағдар!”

2023 жылғы 27 ақпанда “Bolashaq” Академиясы профессор-оқытушылар құрамының Қарағанды қаласының “Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

“Мамандықтар әлеміндегі бағдар!” дөңгелек үстел-іс-шарасының ұйымдастырушысы және өткізушісі Педагогика кафедрасының аға оқытушы Талипова Галия Тюлякова және оқытушы Алексеева Евгения Андреевна болды.

Оқушыларды мамандықты өз бетінше, саналы түрде таңдауға дайындау әр адамның үйлесімді дамуының міндетті бөлігі болуы керек және оқушының физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырылуы керек. Нарықтық қатынастар еңбек сипаты мен мақсаттарын түбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы артады, шиеленіс күшейеді, жоғары кәсібилік, төзімділік пен жауапкершілік қажет.

Осыған байланысты жастар мен оқушылар арасында мақсатты кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуге үлкен назар аудару қажет, ол жеке тұлғаның кәсіби ниеттерін қалыптастыруды және оны жүзеге асыру жолдарын анықтайтын негізгі факторлардың бүкіл жүйесін терең білуге негізделуі керек. Сондықтан біздің “Bolashaq” Академиясының кәсіптік бағдар беру жұмысының басым бағыттарының бірі мектеп түлектерімен кездесу болды.

Мектеп оқушыларының алдында педагогика кафедрасының оқытушылары Таликова Галия Тюляковна мен Алексеева Евгения Андреевна сөз сөйлеп, “Bolashaq”академиясы туралы ақпарат дайындады және ұсынды:

  • Академия оқытатын білім беру бағдарламалары туралы, еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерімізді жұмысқа орналастыру туралы;
  • оқу шарттары, Академияның материалдық базасы, практика базалары, студенттерді әлеуметтік қолдау түрлері туралы.

Кездесу 11-сынып оқушыларымен сабақтың белгілі бір түріне бейімділікті анықтауға бағытталған Л. Йовайши әдістемесін өткізумен аяқталды.

“Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Салтанат Тілеукенқызы Мақаева және 11 “Б” сыныбының сынып жетекшісі: “Мұндай кездесулер бітіру сыныптары үшін өте пайдалы және маңызды. Олар әрі қарайғы іс-әрекеттерге нұсқаулық ретінде қызмет етеді, оқушыларға кәсіби таңдауларын дұрыс жасауға көмектеседі” деген пікірлерін білдірді.

Іс-шара қызықты, достық жағдайда өтті. Болашақ талапкерлер үлкен қызығушылық танытты: оқушылар студенттік өмір, оқу процесі, оқытылатын пәндер, болашақ мамандық туралы сұрады.Мұндай іс – шаралар болашақ талапкерлерді тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, “Bolashaq” академиясы – білім беру мекемесі туралы оқушыларға толық ақпарат беріп, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.