«Біз терроризмге қарсымыз» ашық кураторлық сағаты

2023 жылғы 30 қарашада Фармация кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. студенттермен «Терроризм мен экстремизм-заманауи өркениеттің басты қауіп-қатері» тақырыбына ашық кураторлық сағат өткізді.

Оқутышы Темиреева К.С бүкіл әлем бойынша халықаралық жағдайдың қауіпті болып отырғандығы туралы қысқаша айтып өтті.

ФМ-20-2 студенті Курманияз Ж. «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада «Заманауи терроризм мен экстремизм қоғам мен мемлекеттік қауіпсіздігіне белсенді түрде әсер ететін ауқыммен, әлеуетті арттырумен, террористтік және эксртемисттік топтар ықпалды саяси құрылымдарға айналумен, террористтер мен экстремисттердің іс-әрекеттерінің қатыгездігімен және т.б. нысандармен сипатталатындығын атап өтті. Терроризм, экстремизм және ұйымдастырылған қылмыс – бүкіл әлемдік қауымдастық үшін аса қауіп-қатер ретінде саналады.» деген сөздер айтылып, мысалдар келтірілді. Іс-шараның мақсаты студенттерге экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру болды. Тақырып аясында сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.