“Жеке тұлғалардың құқықтары: Жеке тұлғалардың банкроттығы” тақырыбына дөңгелек үстел

Қазіргі қоғамда қызу пікірталас пен қызығушылық тудырған жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі шеңберінде банкроттық, банкроттыққа жеткізбеу, қаржылық тығырықтан шығу және жобада көзделген заңнама мәселелері талқыланды.
Bolashaq академиясы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Көпжасарова Сағынгүл Ізбасарқызы және қауымдастырылған профессор Әбдіжами Айтуған Жұмахметқызы, аға оқытушы Жұмжұмаев Нұртай Сұршаұлы 17 наурызда Академияның Ю-20-2, Ю-19-2 топтары студенттерінің қатысуымен және белгілі заңгерлерді шақырумен “Жеке тұлғалардың құқықтары: Жеке тұлғалардың банкроттығы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Талқылау аралас форматта өтті.

Іс-шара қонақтары студенттер мен қатысушылар үшін жеке тұлғаның банкроттығына қатысты құнды ақпаратпен бөлісіп, құқықтық талдау жүргізіп, мәселелерді талқылады.
Шара соңында қонақтарға Академия басшылығы атынан сертификаттар табысталды. Студенттер осындай іс-шаралардың тиімділігі туралы айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Тайболатұлы Қабжанов іс-шараны қонақтарды марапаттаумен аяқтап, оларға шығармашылық жетістіктер мен еңбектеріне табыс тіледі.

  • Естеміров Марат Асанұлы, PhD, M. S., Narikbaev атындағы КазГЮУ Университетінің Assistant Professorы. , онлайн қатысушы;
  • Хамзин Ұлан Мәуленұлы, Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы, заң консультанты, Альянс заң палатасының мүшесі;*
  • Оңдырханова Жұлдызай Мәулетқызы, Қарағанды облысы атқару округінің жеке сот орындаушысы Сартаев Данияр Олжабайұлының көмекшісі;
  • Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті, профессор, академик Айтимов Ақсерік Сариұлы;
    Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің заңтану білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.